«Үш күн уақыт беремін!»: Баян Алагөзова Ирина Кайратовна тобына ескерту жасады
08.10.2024
248
Танымал продюсер Баян Мақсатқызы KeshYou тобымен бірге ән жазуға келіспеген қазақстандық Ирина Кайратовна тобының жігіттеріне ескерту жасады, деп хабарлайды Massaget.kz.
Баян Алагөзова бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.
"Ирина Каратовнаға бізбен фит айтуға өтініш айтып тұрған сәт. Олар бір рет бас тартты. Бірақ мен үмітімді үзбеймін, талантты адамдармен жұмыс істеу оңай болмаған, ал олармен келісімге келу одан да қиын... Ирина Кайратовна, ұялсаңдаршы! Снуп Дог бір жыл ойланды, сосын оған қатты ұнап қалды. Барлық қыздардан құралған топ мұны басынан өткізді, біз төзімдіміз, қырсықпыз, сұлумыз, таланттымыз және үнемі бір толқындамыз! Үш күннен кейін хабарласамын", – деп жазды Баян Мақсатқызы.
Танымал продюсер жариялаған жазбаға желі қолданушылары пікір білдіріп жатыр. Олардың пікірі екіге бөлінген. KeshYou тобы мен Ирина Кайратовнадан жақсы фит шықпайтынын айтып жатқандар бар.
"Жоқ, бұл жерде ештеңе болмайтыны анық. Вайбы басқаша ғой. Мирас Жүгінісов, Райм, Тұрар, Садраддин, Калифарния деген әншілермен жаса, солармен жасауға болады", "Ирина Кайратовна, осыдан фит айтсаңдар, сендерді тыңдамаймын", "Снупқа бәрібір ғой, ал бұл жігіттер тіпті гонорарға қарамайды, принцип ұстанады", – дейді олар.
Екі топтың болашағынан үміт күтетіндер де табылды.
"Ирина Кайратовна, күтеміз, расымен ұялсаңдаршы!", "Баян Мақсатқызынан бас тартуға болмайды", "Меніңше, Баян Мақсатқызына келісім берулерің керек. Қайрат Нұртаспен де ән айтып жүрсіңдер ғой", – деп жазып жатыр желі қолданушылары.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026