Ұлттық банк жаңа монета шығарды
22.11.2024
248
Ұлттық Банк "Қазақстанның мешіттері мен соборлары" сериясынан ASTANA QALASYNYŃ BAS MESHITI және "Сиқырлы рәміздер" сериясынан FATIMA QOLY коллекциялық монеталарын шығарады. Монеталарды kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады, деп хабарлайды ozgeris.info.
ASTANA QALASYNYŃ BAS MESHITI 2024 жылғы 25 қарашадан бастап, FATIMA QOLY – 2024 жылғы 28 қарашадан бастап шығады.
ASTANA QALASYNYŃ BAS MESHITI монетасы 2022 жылы ашылған Астананың орталық мешітіне арналған. Бұл мешіт – Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт. Монетаның дизайнында Астана орталық мешітінің стильдендірілген бейнесі және мұсылманша сәлемдесуді білдіретін араб тіліндегі жазу бар.
Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, номиналы – 1000 теңге, таралымы – 1000 дана.
FATIMA QOLY монетасы – "Сиқырлы рәміздер" сериясының алтыншы монетасы. Монетаның дизайны әртүрлі елдердің мәдениеттерінде белгілі ашық алақан түріндегі қорғаныш тұмарының стильдендірілген ою-өрнекті бейнесіне негізделген.
Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, салмағы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, көне күміс сапасы, номиналы – 1000 теңге, таралымы 3000 – дана.
Монеталардың барлық түрі Қазақстанның бүкіл аумағында аудару, өзгерту және айырбастау үшін қабылдануға міндетті. Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында жасалды.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026