«Үй алып бердік деп, пәтер жалдап берген»: тағы бір қайырымдылық қордың былығы ашылды
22.11.2024
290
Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай Instagram-парақшасында «Елге көмек» қайырымдылық қоры халықты алдап, ақша жинап жүргенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Елге көмек» қайырымдылық қоры «осы апаға үй алып берейік, бір қазақ үйлі болсын» деп видео түсірді. Бәріміз сендік. Кейін «апаға үй алдық, осынша ақша жиналды» деп есеп берді. Апаны 3-4 ай көрмедік. Бірақ бір күні тағы қайыр сұрап отырғанын көрдім. Жанына барып «апа, үйіңіз бар, неге тағы шықтыңыз?» деп сұрадым. Ол кісі бәрінің өтірік екенін айтты», - дейді алматылық келіншек.
Ұлжанның айтуынша, қайырымдылық қоры қарияны 3-4 айлық пәтерақысын төлеп, жалдамалы пәтерге тұрғызған. Кейін мерзімі біткен соң қарияны пәтерден шығарып жіберген.
Қор мүшелері «Апаны емдеттік» деп те айтқан. Бірақ апаның айтуынша, мүлдем емдетпеген екен. Бәрін видео үшін жасаған. Поликлиникаға да видео үшін кіріп шыққан», - дейді ол.
Гүлмира Әбіқай сөз соңында «Елге көмек» қайырымдылық қорынан ресми жауап күтіп отырғанын мәлімдеді.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026