"Қуанышымда шек жоқ. ҰБТ-ға "Juz40" білім беру орталығында дайындалдым. Шүкір, үміт ақталды. "Hyundai Sonata" автокөлігін сыйлаған орталыққа көп рақмет', - деді ол. "ҰБТ тапсырар алдындағы түні мүлдем ұйықтай алмадым. Сосын тестілеу орталығына барғанда барлық сұрақтар оңай болып көрінді. Екі сағаттың ішінде барлық сұраққа жауап беріп үлгердім. Қалған бір жарым сағат уақыт жауапты тексеруге кетті. 140 балл жинағанымды көргенде, қуанышымда шек болған жоқ", – дейді Жаннұр Еңсебек.Оқушы ҰБТ-ға дайындайтын ақылы курстарға уақыт жоғалтпай, үйде онлайн дайындалғанын айтады. Оқушының айтуынша, ол күн сайын математика мен информатика есептерін шығару бойынша 6-8 сағат жұмсаған. 11 жыл үздік оқыған түлек – «Алтын белгіге» үміткер. Ол ҰБТ-ны «Математика-Информатика» комбинациясы бойынша Алматы облысының Есік қаласында тапсырған. Жаннұр қазір университет таңдап жатқанын айтады. Білімді оқушы IT саласында білім алуды жоспарлап отыр.
ҰБТ-дан 140 балл жинаған оқушыға көлік сыйлады
03.07.2024
314
Ол биылғы ҰБТ тарихындағы 140 балл жинаған 3 оқушының бірі, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Бұған дейін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ-дан 140 балл жинаған Жаннұр Еңсебекті құттықтап, ата-анасына алғыс білдірген еді.
Одан бөлек оқушыға Алматы облысының әкімі 500 мың теңге табыстаған.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026