ҰБТ-дан 140 балл жинаған 2 талапкер де бір университетті таңдады
17.07.2024
385
181 мың талапкер қатысқан бірыңғай ұлттық тестілеуде 140 балл жинап, соңғы үш жылда болмаған рекордты орнатқан Жаннұр Еңсебек пен Айым Ержанова өз құжаттарын SDU университетіне тапсырып отыр, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Алматы облысы, Талғар ауданы, Қарабұлақ ауылының №22 жалпы білім беретін орта мектебінің түлегі Жаннұр Еңсебек өз таңдауын оқу жылының басында жасап қойған екен. Сондықтан да грант конкурсына өтініш қабылдау кезеңінің алғашқы күнінде-ақ «Алтын белгі» иегері таңдау парағында тек SDU-ды белгілеп, құжаттарын тапсырып кетті.
Дәл осындай үздік нәтижеге қол жеткізген Ақмола облысы Қосшы қаласындағы Р.Қошқарбаев атындағы №1 мектептің түлегі Айым Ержанова да кеше арнайы SDU университетіне келіп, білім ордасының тыныс-тіршілігімен таныса келе өз таңдауын жасады.
Грант конкурсының 4 күндік нәтижесі бойынша 100-ге жуық «Алтын белгі» иегерлері таңдау парағына алғашқы ЖОО ретінде SDU University-ді белгілеген. Бұл көрсеткіш SDU ұсынған білім сапасына деген сенімді білдіреді.
Еске сала кетейік, 2018 жылы 140 балл жинаған Шиара Құдайбергенова SDU-дың түлегі атанған.
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026
-
Баспана құқығы: кімді сотсыз шығару мүмкін емес14:24, 03 апреля 2026
-
Қазақстанда оқулықтар жаңа Конституция құндылықтарына сай жаңартылады13:27, 03 апреля 2026
-
"Мөлдірдің көңілін аулады": Қайрат Нұртастың тойдағы әрекеті көпті сүйсіндірді (ВИДЕО)12:42, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар 6 жылға бас бостандығынан айырылды12:35, 03 апреля 2026
-
Астанада жол апаттарының басты себебі — жылдамдық асыру12:30, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар сотта соңғы сөзін айтты12:06, 03 апреля 2026
-
Алматыда мемлекет пайдасына 894 млн теңге өндірілді11:48, 03 апреля 2026
-
Алматыда бір топ қайыршы тұрғындарға шабуыл жасады (ВИДЕО)11:47, 03 апреля 2026