Журналист Ербол Мәндібек танымал әнші Қайрат Нұртас туралы жылы пікір білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Ол өнер иесінің адамгершілік қасиеттеріне ерекше тоқталып, оның қиын сәттерде жанындағы адамдарға қолдау көрсете білетінін атап өтті.
Журналисттің айтуынша, Жазира Байырбекова мен Жанболат Байырбековтің тойында көпшілік көңіл көтеріп жүрген сәтте, Мөлдір Мұқан жалғыз қалып, мұңайған кездер болған. Сол кезде көптің ішінен суырылып шыққан Қайрат Нұртас оның көңілін аулап, қолдау білдірген.
Ербол Мәндібектің сөзінше, мұндай әрекет – нағыз ер азаматқа тән қасиет. Ол шоу-бизнес өкілдерінің арасында достыққа берік жандар аз екенін айтып, солардың бірі ретінде Қайрат Нұртасты ерекше атап өтті.
Сондай-ақ ол Мөлдір Мұқанның да мықты әйел екенін, барлық қиындыққа қарамастан өз жолын тауып, балаларын тәрбиелеп, өмірде нық қадам жасап келе жатқанын тілге тиек етті.
Журналист қос тұлғаны да қазіргі қазақ өнеріндегі өнегелі жандардың қатарына қосып, оларға сәттілік тіледі.