Жақсылық Омар 6 жылға бас бостандығынан айырылды

Жақсылық Омар 6 жылға бас бостандығынан айырылды

Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарқа қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы ozgeris.info сайты хабарлады YK-news.kz порталына сілтеп.

Сот шешімімен шенеунік алаяқтық және пара алу деректері бойынша кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар оның мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Іс материалдарына сәйкес, сотта екі эпизод қаралған. Бірінші жағдайда шенеунік Toyota Camry 75 автокөлігін заңсыз түрде алғаны айтылса, екінші эпизодта 6 миллион теңге көлемінде пара алғаны көрсетілген. Сот барысында айыпталушы өз кінәсін мойындаған.

Еске салайық, 2026 жылдың ақпан айында Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Бұл іске қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеген еді.

Айта кетейік, Жақсылық Омар 2025 жылдың сәуір айында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған. Бұған дейін ол алты жыл бойы Өскемен қаласының әкімі болған.