Тұрсынғали Еділов отандық кәсіпқой боксшылардың осал тұсын ашып айтты
14.11.2024
258
Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов отандық былғары қолғап шеберлеріне кәсіпқой бокста жетістікке жету неліктен қиын екенін түсіндіріп, үш басты себебін атады, деп хабарлайды ozgeris.info, Telegram желісіндегі "Дядя Ваня" арнасына сілтеме жасап.
"Бірінші себеп – біздің көп боксшымыз кәсіпқой боксқа ауысады, бірақ оларды ол жақта ешкім күтпейді. Жетістікке жету үшін тәжірибелі промоутер керек, ол боксшыларды үлкен жекпе-жектерге шығара алады. Боб Арум немесе Оскар де ла Хойя секілді беделді ұйымдастырушылар аз, ал өзін кәсіпқойлар арасында сынап көргісі келетін боксшылар тым көп. Мұндай танымал промоутерлердің назарына ілігу де оңай емес. Екінші себеп – Олимпиада чемпионы әуесқой бокста үздік болса да, кәсіпқой рингте ол жаңадан бастаушы болып саналады. Бұл бағытта үздік атану үшін қан мен тер төгуің керек. Шетелде боксшыларды олардың көрерменді қызықтыра білуімен таңдайды. Өкінішке қарай, қазіргі әуесқой бокста бұл элемент барған сайын азайып келеді, бұл тенденция қазақстандық боксшыларға да тән. Үшінші себеп – бізге қазақстандық боксшыларды әлемдік деңгейде ілгерілететін беделді отандық промоутер қажет. Болашақта бұл рөлді Геннадий Головкин атқара алуы мүмкін деп ойлаймын. Ол кәсіпқой бокстың барлық қыр-сырын жақсы біледі және беделді тұлғалармен жеке таныс", - деді Тұрсынғали Еділов.
Ақпарат nur.kz сайтынан алынған.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026