Төртінші алтын: Айбек Оралбай Азия чемпионы!
11.12.2024
321
Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Таиландтың Чиангмай қаласындағы Азия чемпионатының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.
+92 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Айбек Оралбай финалда қытайлық Абудурешити Ремуламен кездесу өткізді. Нәтижесінде Айбек Оралбай Қытай боксшысын төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңді. Айбек Оралбай 2022 жылы Амманда өткен Азия чемпионатында 92 кг дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алған болатын.
Қазақстан ерлер құрамасы бұл Азия чемпионатында 4 алтын, 5 күміс, 1 қола жүлде еншіледі. Махмұд Сабырхан (54 кг), Бекзат Нұрдәулетов (86 кг), Сағындық Тоғамбай (92 кг), Айбек Оралбай (+92 кг) чемпион атанды. Санжар Тәшкенбай (48 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Абылайхан Жүсіпов (71 кг), Диас Молжігітов (75 кг) күміс медаль иеленсе Ерасыл Жақпеков (80 кг) қола медальді қанжығасына байлады.
Естеріңізге сала кетейік, Таиландтың Чиангмай қаласындағы Азия чемпионатының әйелдер арасындағы жарыста Қазақстан құрамасы турнирдің медальдар есебінде көш бастады. Қазақстанның әйелдер құрамасының боксшылары 5 алтын, 5 қола жүлде жеңіп алды.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026