Техникалық тексерістегі немқұрайлылық адам өліміне себеп болды
23.11.2024
325
Қостанай облысында болған өлімге әкелген жол-көлік оқиғасы техникалық станция иесін жауапқа тартуға себеп болды, деп хабарлайды ozgeris.info.
Оқиға тамыз айында орын алған. Mercedes-Benz жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, оның оқиға орнында қайтыс болуына әкелді. Жүргізуші апаттан қашуға тырысқанын, бірақ тежегіштің жұмыс істемегенін мәлімдеді.
Полицейлер тексеру барысында көліктің тежегіш жүйесінде ақау бар екенін анықтады. Бір дөңгелегінде тежегіш дискі мүлде болмаған. Ең сорақысы, бұл көлік апатқа дейін бес күн бұрын техникалық тексерістен өткен, бірақ анық ақауларға қарамастан, пайдалануға жарамды деп танылған.
Сот шешімімен жүргізуші екі жылға бас бостандығынан айырылып, бес жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Сонымен қатар, техникалық тексерісті жүргізген жеке кәсіпкер де жауапқа тартылды.
Полицейлер жыл басынан бері осындай құқықбұзушылықтарды болдырмау үшін мемлекеттік органдарға мыңнан астам ұсыныс жібергенін атап өтті.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026