Танымал композитордың қара жұмыс істеп жүрген видеосы тарады
03.10.2024
267
Осыдан бірнеше жыл бұрын жарыққа шыққан "Аппақ қар" әнінің авторы қара жұмысқа жегіліп жүр. "Мұнарлан" тобы орындаған туындыны жазған Байділдә Әбділдаевтің тағдыры туралы "Астарлы ақиқат" бағдарламасы сөз қозғады.
Байділдә Әбділдаев кейінгі 15 жылда қара жұмыстың түр-түрін істеп көрген.
"Мұнарлан" тобының бағын жаққан туындының авторы кейде "Алтын орда" базарының маңындағы "питакта" тұрып, адал еңбекпен ақша табуға арланбайды. "Аппақ қар" әнінің авторымын. Өнерде тиын табу кішкене қиынырақ. Бала-шаға асырау керек. Жұмысқа алып кетеді. Бағасына келісесің. Екі адам болса, 30 мыңды 15 мыңнан бөліп аласың. Ресейде екі әні хит болса, сарай соқтырып алады екен. Гонорар көп төленеді. Ал бізде жағдай осы. Үкімет ән авторларына бюджеттен жәрдемақы бөлсе деймін, болмаса бұрынғыдай мәдениет үйінде жақсы ақша төлесе дейсің. Сонда бәрі өнерде жүретін еді", - дейді Байділдә Әбділдаев.
Сазгер қазір шығармашылыққа қайта бет бұрып жатқан көрінеді. Айтуынша, оның туындылары қазір TikTok желісінде де жақсы қаралым жинап жүр.
"25 жасымнан намаз оқып кеттім. Сол кезде бұл әндер хит болып бастады. 2016-да үкімет за шығарып, 2018 жылы түрмеге түстім. Бір жыл түрмеде отырып, екі жыл бақылауда болдым. Түрмені түзеу мекемесі дейді ғой, меніңше, түрме адамды бұзады. Сол жақта денсаулық та, мінез де бұзылды. Бұзық достарым да көбейді. Енді шығармашылықты қайта қолға алып жатырмын", - деді ол.
Осы тұста Байділдә Әбділдаев "Аппақ қар" әнінің тарихын да айта кетті.
"Бала кезде бір қызға ғашық болғанмын. 1977 жылғы қыз еді. Бала махаббат болды. Анам бастапқыда қарсы болған. Әскерден келген соң анам үйленуге рұқсат берді, бірақ айырылыстық. Қазір әйелім маған жазбадың деп ренжиді. Өзімнен 9 жас кіші ауылдың қызына үйленгенмін. Үш қызым, бір ұлым бар", - дейді ол.
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026
-
Баспана құқығы: кімді сотсыз шығару мүмкін емес14:24, 03 апреля 2026
-
Қазақстанда оқулықтар жаңа Конституция құндылықтарына сай жаңартылады13:27, 03 апреля 2026
-
"Мөлдірдің көңілін аулады": Қайрат Нұртастың тойдағы әрекеті көпті сүйсіндірді (ВИДЕО)12:42, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар 6 жылға бас бостандығынан айырылды12:35, 03 апреля 2026
-
Астанада жол апаттарының басты себебі — жылдамдық асыру12:30, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар сотта соңғы сөзін айтты12:06, 03 апреля 2026
-
Алматыда мемлекет пайдасына 894 млн теңге өндірілді11:48, 03 апреля 2026
-
Алматыда бір топ қайыршы тұрғындарға шабуыл жасады (ВИДЕО)11:47, 03 апреля 2026