«Қонақ келе жатыр, үй жинаңдар!». Бала күнімнен білетінім, үйге қонақ келерде айналаны айнадай қылып, жалтыратып қоятынбыз. Анам арнайы ыдысын шығарып, дастарқанға бар тәттісін үйіп-төгетін. Бәріміздің үстімізге әдемі киім кигізіп, шашымызды тас қылып өріп қоятын. Келген қонаққа біздің тек жетістігімізді баяндап, реті келсе жаттаған тақпағымызды айтқызып, 5 деген бағаға толы күнделігімізді көрсетіп қалатын. Айтпағым мынау, 8-16 қыркүйек аралығында Астанаға әлемнің түкпір-түкпірінен 5 мыңнан астам қонақ келеді. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Барынша қонақжайлық танытайықшы. Өткенде тәжік жәрмеңкесіндегі жабайылықты ұмыту мүмкін емес. Қазақ деген ұлттың бейнесін көрсететін біз. Мәселен өзім шетелге барғанда таңданатын бір жайды айтайыншы. Түркияда әуежайдан қонақүйге жеткенше такси жүргізушісі елінің тарихын, қаланың әсемдігін тамсана баяндайды. Ұлы тұлғаларын айтып мақтанады. Сүйсінесің. Сізге жолыққан әр туристің алдында қазақ деген халықтың бейнесін көрсетіп тұрғаныңызды әрқайсымыз ұмытпайықшы», – деп актриса халыққа үндеу жолдады.
«Тәжік жәрмеңкесіндегі жабайылықты ұмыту мүмкін емес»: Жұлдыз Әбдікәрімова халыққа ескерту жасады
26.08.2024
242
Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова халыққа үндеу жасап, тарихымызды танытуға шақырды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Шоу-бизнес өкілі халықты алда өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары кезінде қонақжайлық танытуға үндеді.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026