«Бұл – су саласындағы латифундия мен монополия. Жемқорлық тәуекелін арттырады. Су қоймаларын мемлекетке қайтаруымыз керек. Депутаттық сауал негізінде Балқаш-Алакөл бассейн инспекциясы тексеру жүргізіп, заңбұзушылықтар анықтады. Соның негізінде Алматы облысы Ауыл шаруашылығы басқармасына ұйғарым хат жолдады. Ал Алматы облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы әрекетсіз отыр. Олар сотқа жүгініп, су қоймасын мемлекетке қайтаруды ойламайды да. Осындай жерлерде жемқорлық тәуекелдері жатыр», деді депутат.Депутаттық сауал негізінде Балқаш-Алакөл бассейн инспекциясы тексеру жүргізіп, заңсыздықтарды анықтаған. Бірақ тексеріс нәтижесі қағаз жүзінде қалды. Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы бұл мәселеге көз жұма қарап, сотқа жүгінуге де талпынбады. Су қоймаларын мемлекетке қайтару туралы ешқандай әрекет жасалмаған. Ал министрліктің мәліметінше, елде тасқын қаупі жоғары аймақтарда 14 мыңнан астам құрылыс бар. Оның 80%-ы Алматы маңында орналасқан. Бірақ ресми деректер мен шынайы жағдайдың айырмашылығы күмән тудырады.
Су қоймалары олигархтардың ойыншығына айналды ма?
12.05.2025
298
Қазақстанда су ресурстары кімнің қолында? Елдегі ірі су қоймалары олигархтардың жеке меншігіне қалай өтіп кеткен? Бұл сұрақтар су шаруашылығындағы жемқорлық, заңсыздықтар және мемлекеттік бақылаудың әлсіздігін көрсететін шынайы картинаны аша түседі. Осы сауалдардың сағасында жүрген Депутат Бақытжан Базарбектің үкімет сағатындағы мәлімдемесі көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Оның айтуынша, Алматы облысында бір олигархтың қолына төрт ірі су қоймасы өтіп кеткен. Бұл жалғыз жағдай емес. СҚО-да бір адам 9, келесі адам 8 су қоймасын иеленіп алған. Ақмолада, Қостанайда 7 су қоймасы, Ақтөбеде 4, Қарағандыда 8 су қоймасы бір қолға өткен.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026