"Странджа" турнирі: Төрехан Сабырхан ел тарихындағы ең жас чемпион әрі ең үздік боксшы атанды
03.03.2025
352
Төрехан Сабырхан ел тарихындағы "Странджа" турнирінің ең жас чемпионы әрі турнирдің үздік боксшысы атанды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Болгария астанасы Софияда өткен турнирде 67 килограмға дейінгі салмақта сынға түскен 19 жастағы Төрехан Сабырхан қарсылас шақ келтірмей, алтын медаль жеңіп алды. Ол тартысты жекпе-жекте Әзербайжан өкілі Заур Гахрамановтан 3:2 есебімен басым түскен.
Бұған дейін "Странджа" турнирінде 2008 жылы Мерей Ақшалов та 19 жасында топ жарған. Бірақ ай жағынан Төрехан жас саналады. Сондай-ақ ересектер арасындағы алғашқы халықаралық жарысына қатысқан Төрехан Сабырхан – "Странджа" турнирінің ең үздік боксшысы да атанған.
Бұған дейін осы турнирде бірде-бір боксшымыз бұл атаққа қол жеткізбеген. Төрехан Сабырханның турнирдегі жекпе-жектері: 1/8 финал. Асахуджа Муйдунходжаевпен (Париж Олимпиадасының чемпионы) жекпе-жек өтпеді. 1/4 финал. Лаша Гагнидзе - 5:0; 1/2 финал. Наби Исгандиров - 3:2.
Айта кетейік, 67 килограмға дейінгі салмақта 2024 жылы Дулат Бекбауов чемпион атанған еді.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026