"Еркебұланға оқ президент резиденциясының алдында тигенін айтты. Бірақ нақты білмеймін. Үйден шыққан кезде митингке бара жатқанын айтпады. Анамызды жұмыстан алып кетуге кеткен. Бірақ не анамызға бармады, не үйге келмеді. 5 қаңтар кешке дейін күттік, содан кейін іздеуге кірістік. Бірақ таба алмадық. 7 қаңтарда ауруханадан табылды. Өзімен бірге қалтасында құжаты болмаған. Көлігі бір жақта, өзі бір жақта...", – деп айтқан еді ол.
"Соңында 4 баласы қалды": Күйеуі Қаңтарда оққа ұшқан әйел жол апатынан опат болды (ВИДЕО)
06.02.2025
245
Қаңтар оқиғасы кезінде оқ тиіп қаза тапқан Еркебұлан Сыдықбаевтың әйелі жол апатынан қаза тапты. Оның соңында төрт баласы қалды. Бұл туралы ozgeris.info сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Еркебұлан Сыбықбаевтың әйелі Сая Есенгелді такси қызметімен айналысып жүріп, жол апатынан қаза тапқан. Қаңтар оқиғасынан кейін, күн көру мақсатында Сая такси айдап жүрген. Балаларына анасы қарасқан. Өкінішке қарай, 4 ақпан күні Алматы-Бішкек тас жолында жол апаты болып 3 адам қаза тапқан еді. Сол кезде көлік ішінде Сая да болған.
Журналист Лұқпан Ахмедяровтың сөзінше, Сая балаларын асырау үшін барын салған. Күндіз курьер болып, түнде такси жүргізушісі болған. Әкімдік әйелге баспана алып беруге көмектесеміз деп уәде берген. Бірақ қандай да бір себептермен олар пәтер әперуден бас тартқан.
Ата-анасынсыз қалған балалардың болашақ тағдыры не болары әлі белгісіз. Айтуларынша, олардың тәтесі (Саяның әпкесі) бар. Бірақ оның жеке баспанасы болмағандықтан қорғаншылық ала ма, жоқ па, ол да белгісіз.
Бұған дейін Сая Есенгелді күйеуінің қазасына қатысты сұхбат берген еді. Ол сол кездегі сөздерінің бірінде, күйеуіне оқ президент резиденциясы маңында тигенін айтқан. Алайда оның қақтығыс алаңына қалай барғанын білмейді.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026