«1996 жылдан бері Қазақстан Жазғы Олимпиада ойындарына тұрақты қатысып келеді. Токио Олимпиадасын айтпағанда бұған дейінгі сындарда боксшылар чемпион атанды. Парижге тек Қазақстан мен Өзбекстан ғана толық құрамда барды. Алайда екі боксшымыз ғана жартылай финалға жете алды. Десек те, біздің екі алтыннан үмітіміз бар. Соңғы сәтке дейін үміт үзбейміз. Нұрбек Украинаның белгілі боксшысымен шаршы алаңға шығады. Ол спортшы туралы білеміз. Тактика дұрыс қойылса Хижнякты ұтуға болады деп сенемін. Сондай-ақ, әйелдер боксынан Назым Қызайбайдың да чемпион атануға мүмкіндігі бар», - деді Ермахан Ыбырайымов.Париж Олимпиадасында 80 келіде жартылай финалына шыққан Нұрбек Оралбай финалға Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Александр Хижнякпен өзара мықтыны анықтайды. Ал екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай Қытай боксшысы Ву Юмен финал жолдамасын сарапқа салады. Бұған дейін Қазақстан ұлттық ерлер құрамасынан 6, әйелдерден 2 боксшы жарысты аяқтап, жүлдесіз қалған болатын.
"Соңғы сәтке дейін үміт үзбейміз". Ермахан Ыбырайымов боксшыларға қатысты пікір білдірді
06.08.2024
315
Бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымов Париж Олимпиадасынында сынға түсіп жатқан былғары қолғап шеберлерінің әлеуетіне баға берді. Оның пайымынша, жартылай финалға шыққан қос боксшы чемпион атанады. ҚазАқпаратқа берген сұхбатында танымал боксшы Франциядағы ойындарда Нұрбек Оралбай мен Назым Қызайбай өз салмағында үздік болатынынан үмітті, деп хабарлайды ozgeris.info.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026