Оқу-ағарту министрлігі бірінші кезекте қабылданатын құжаттар реформалардың дәйектілігін қамтамасыз етуі керегін қадағалауы керек. Соңғы жылдары орта білім беруді қаржыландыру 3 еседен астам өскен. Мұндай жағдайда мемлекет қабылданып жатқан шаралардан үлкен нәтиже күтетіні анық, - деді Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов.Оқулықтардың сапасын сараптау мен бақылауда кемшіліктер анықталған. Атап айтқанда, соңғы 5 жылда бағалау өлшемшарттары 12 рет өзгерген. Оқулықтарды өзгертуге 16 млрд теңгеден астам экономикалық шығын келген.
Соңғы 5 жыл ішінде оқулықтарды өзгертуге 16 млрд теңгеден асатын шығын шыққан
17.02.2025
291
ҚР Жоғары аудиторлық палатасы орта білім беру саласын дамытуға және сапасын арттыруға бөлінген қаражатты тиімді пайдалану бойынша мемлекеттік аудит жүргізді. Аудит барысында 1,1 млрд теңге сомасына қаржылық бұзушылық, 62,4 млрд теңгеге қаражат пен ресурстарды тиімсіз жоспарлау және 3,2 млрд теңге көлемінде тиімсіз пайдалану деректері тіркелді, - деп хабарлайды Ozgeris.info.
2019 жылдан бергі кезеңді қамтыған аудиторлық шарада елдегі мектептер саны тұрақты түрде өскені анықталған. 2023-2024 оқу жылында олардың саны 7,8 мыңнан асты. Сондай-ақ оқушылар мен мұғалімдер санының артуы білім берудің қолжетімділігі артып келе жатқанын көрсетеді.
Орта білім беру жүйесіне бөлінетін қаржы да жыл сайын ұлғайып келеді. 2019 жылы бұл салаға 1,3 трлн теңге бөлінсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 4,8 трлн теңгеге жетіп, үш есе артқан.
Аудит барысында орта білім беруді дамыту шараларының тиімділігін төмендететін бірнеше мәселе анықталды. Палата мүшесі Нұрлан Нұржанов негізгі мәселелер стратегиялық жоспарлау, білім сапасын бағалау, кадр даярлау және оларды жұмысқа орналастыру, әдістемелік қамтамасыз ету, мемлекеттік реттеу мен бақылау салаларына қатысты екенін атап өтті.
Сонымен қатар білім беру саласындағы мемлекеттік бағдарламалар мен тұжырымдамалар жиі өзгеріп отырған. Стратегиялық құжаттардың тұрақсыздығы басталған реформалардың аяқсыз қалуына әкеледі, бұл білім беру саясатында сабақтастық пен тұрақтылықтың жоқ екенін көрсетеді.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026