"Соғысқа кіргендей болдым". Жазира Байырбекова алғаш келін болған кезіндегі қиындықтарын еске алды
25.11.2024
334
Танымал әнші Жазира Байырбекова алғаш рет келін болып түскенде қандай қиындықтарға тап болғанын ашық айтып берді, деп хабарлайды ozgeris.info.
Өнер иесі "Мамский әңгіме" подкастында отбасының алғашқы жылдары үлкен сынақтармен өткенін еске алды. Жазираның айтуынша, күйеуі Жанболатпен жаңа өмір бастаған алғашқы жылдары өзін соғыста жүргендей сезінген.
"Қиын болды. Төркініме қыдырып барып, қайтып келе жатқанда пойыздан Арал көріне бастағанда жүрегім соғысқа кіріп жатқандай тарсылдап соғатын. Сол жақта жүру маған соғыстай жүргендей болды. Ол жерде ешкім соғысып жатқан жоқ. Бірақ қаталдықты көрмегенмін ғой. Солай күйзелісте болдым. Бірақ олардың болмысы сондай еді. Оларды да кінәлай алмаймын. Қиын болғаны рас. 2 жылда 20 келі тастап келгенім бар", - деді әнші.
Жазира Байырбекова отбасындағы келіспеушіліктер салдарынан кетуге бел буған кездері болғанын да жасырмады.
"Арасында мен "Болды, кетемін" деген кез болды. Баламды алып, бәріміз пойызға отырдық. Жолда 2 сағат бойы ойланып келдім. "Қазір үйге қалай кіремін? Әке-шешемнің көңілі түсетін болды ғой. Қай бетіммен барамын? Өзім тауып, ғашық болып таңдаған күйеуім ғой" деп ойладым. Аралдан Қазалыға жетер кезде "Апа, үйге қайтайықшы, осы жерден түсіп қалайықшы" дедім. Апам баланы қолға алып, "уф" деді. "Сен Жанболатқа сенбе, өзің көнемін десең түсеміз" деді. Сол кезде түсіп, қайтадан үйге қайттық. Сол барғаннан қалдым. Бірақ сол күннен кейін көп нірсе өзгерді. Мен басылдым, еркелігімді қойдым", - деді Байырбекова.
[embed]https://youtu.be/H3wLVhoW8Qo[/embed]
Ақпарат nur.kz сайтынан алынған.
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026
-
Баспана құқығы: кімді сотсыз шығару мүмкін емес14:24, 03 апреля 2026
-
Қазақстанда оқулықтар жаңа Конституция құндылықтарына сай жаңартылады13:27, 03 апреля 2026
-
"Мөлдірдің көңілін аулады": Қайрат Нұртастың тойдағы әрекеті көпті сүйсіндірді (ВИДЕО)12:42, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар 6 жылға бас бостандығынан айырылды12:35, 03 апреля 2026
-
Астанада жол апаттарының басты себебі — жылдамдық асыру12:30, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар сотта соңғы сөзін айтты12:06, 03 апреля 2026
-
Алматыда мемлекет пайдасына 894 млн теңге өндірілді11:48, 03 апреля 2026
-
Алматыда бір топ қайыршы тұрғындарға шабуыл жасады (ВИДЕО)11:47, 03 апреля 2026