"Тергеу барысында әйел зорлау фактісі туралы мәлімдеген. Диас М-ға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Диас өз кінәсін мойындамаған, жыныстық қатынастың "екі жақты келісіммен" болғанын айтқан. Кейін жәбірленуші де бастапқы мәлімдемесін өзгертіп, жүкті екенін білген соң күйзеліске түсіп, асығыс түсініктеме бергенін мәлімдеген. Алайда сот бұл мәлімдемелерді шындыққа сәйкес емес деп таныды", – делінген іс материалдарында.Сот шешімімен жедел уәкіл кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ол іс жүргізу шығындарын өтеп, жәбірленушілерге көмек қорының есебіне шамамен 77 мың теңге төлеуге міндеттелді.
Шымкентте полиция қызметкері тұтқын әйелді зорлаған
21.05.2025
743
Шымкентте жедел уәкіл түрмеде отырған әйелді зорлағаны үшін сотталды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Айыптау нұсқасына сәйкес, 2024 жылдың қыркүйегінде айыпталушы жәбірленушінің камерасына кіріп, анасына қоңырау шалуға апарамын деген сылтаумен оны қоймаға апарған. Сол жерде жәбірленушінің қарсыласуына қарамастан әйелді зорлаған.
Анықталғандай, жәбірленуші әйел болған жағдай туралы бірден хабарламаған. Алайда 2024 жылдың қазан айында Шымкенттегі ҚАЖ мекемесінде медициналық тексеру кезінде әйелдің ерте жүктілігі анықталып, бұл жағдай арнайы тексеріс жүргізуге себеп болған.
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026
-
Баспана құқығы: кімді сотсыз шығару мүмкін емес14:24, 03 апреля 2026
-
Қазақстанда оқулықтар жаңа Конституция құндылықтарына сай жаңартылады13:27, 03 апреля 2026
-
"Мөлдірдің көңілін аулады": Қайрат Нұртастың тойдағы әрекеті көпті сүйсіндірді (ВИДЕО)12:42, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар 6 жылға бас бостандығынан айырылды12:35, 03 апреля 2026
-
Астанада жол апаттарының басты себебі — жылдамдық асыру12:30, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар сотта соңғы сөзін айтты12:06, 03 апреля 2026
-
Алматыда мемлекет пайдасына 894 млн теңге өндірілді11:48, 03 апреля 2026