Түркияның Анкара қаласында әскери ұшақтар мен ғарыш техникасын шығаратын «TUSAŞ» корпорациясы ғимаратының жанында теракт болды. Бұл туралы IHA агенттігі хабарлады.
Бүгін, 23 қазанда Анкараның Кахраманказан ауданындағы Түрік аэроғарыш өнеркәсібі (TAI) нысандарына лаңкестік әрекет жасалды. Объекттер алдында атыс пен жарылыстар естілген.

Мәлімдемеде құрбандар мен жараланғандардың нақты саны айтылмады. Лаңкестік әрекеттен кейін оқиға орнына жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметі және қауіпсіздік тобы келген.– Анкараның Кахраманказан нысандарына теракт жасалды. Өкінішке орай, құрбан болғандар мен жараланғандар бар. Алла рахымына алсын, – деді министр.