Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Шегіртке сияқты секіргенше, жұмыс істеңдер": Желіге бейнеролик жүктеген Алматы қаласының ПД елден сөз естіді (ВИДЕО)
07.11.2024
271
Алматы қаласының Полиция департаменті әлеуметтік желідегі парақшасына видео жариялап, көпшіліктің талқысына түсті, - деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.
Бас-аяғы 10 секундтан тұратын видеоның астына: Біз бірге жақсы қоғам құрамыз!, деген сөйлем қалдырған. Алайда бұл қысқа ролик пен бір ауыз сөз арқылы Алматы қаласының Полиция департаменті нені меңзегені желі қолданушылары үшін жұмбақ болып қалғанға ұқсайды.
"Халыққа нені көрсеткілеріңіз келді? Қандай мағынасы бар?", "Жақсы жұмыс істейді екенсіздер", "Видео түсіретін басқа фон таппадыңыздар ма? Басқарма гүл қойып жүр, жастары TikTok түсіріп жүр... Бұл не деген жұмысына салғырт қарайтын департамент?", "Космоска ұшып кету керек еді", "Жұмыс істейсіздер ме әлде шегіртке сияқты секіресіздер ме?", "Біздің қызметкерлердің қалай жұмыс істейтіні белгілі болды", "Мыналарыңыз болмады", "Құр мақтанғанша жұмыс істеңіздер!", "Мобилограф жалдайсыңдар-ау", - деп жазды олар.
Бүгінде видео 35 мыңға жуық қаралым жинап, оны 130 желі қолданушысы бөлісіп үлгерген.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026