«Нұрлан Жәрменов маған «сен менің 8 ешкімді сатып жібердің» деді. Мені ұрып-соғып, басыма пакет кигізді, аузымды скотчтады. Жыныс мүшемді бұрап, маған зорлық-зомбылық көрсетті», - дейді малшының өзі.Оған көмек қолын созып жатқан заңгердің айтуынша, ешкіні сатқан Жәрменовтің өз малшысы. Яғни, дереккөзге сүйенсек, полиция басшысының орынбасары малшы жалдап отыр екен. Заңгердің айтуынша, Жәрменовтің малшысы қашарларды негізінде мүлде басқа адамға сатқан. Бірақ, қағазда сатып алған осы малшы, яғни, Нартай Хужанов деп көрсеткен. Малшының айтуынша, Жәрменов екі орынбасарымен бірге оны кешкі уақыттан бастап келесі күні таңғы 04.00-ге дейін ұрып-соққан. Біз осы мәлімдемеге қатысты Түркістан облысының полиция департаментінен ақпарат күтіп отырмыз.
Шардараның лауазымды полицейі басыма пакет кигізіп, жыныс мүшемді бұрады – шопан кісі өткір мәлімдеме жасады
20.12.2024
286
Шардара ауданында, дәлірек айтқанда, қазақ-өзбек шекарасында біреудің малын бағатын шопан Нартай Хужанов аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Нұрлан Жәрменовтен қорлық көргенін айтып, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Шопанның айтуынша, бұл оқиға осы жылдың қыркүйегінде болған. Содан бері басынан өткен мәселені айтып, құзырлы органдарға барғанымен, олар шопанның арызына бей-жай қараған көрінеді. Сондықтан, малшы кісі Шардара ауданындағы заңгерлік көмек беретін кеңсеге келген.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026