«Еске салсақ, биылғы қаңтарда Павлодар облысында «Ертіс орманы» республикалық мемлекеттік мекемесі директорының басшылығымен әрекет еткен қылмыстық топ ұсталған болатын. Күдіктілерге қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған басшылық ету, мүше болу фактілері бойынша іс тергеліп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда», – деп түйіндеді Қуандық Алпыс.
«Семей орманы» филиалының директоры ұсталды
11.07.2024
238
Өткен жылдың жазында орын алған ауқымды өртке байланысты Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына орманды заңсыз кесуге және ағаштарды ұрлауға қарсы күрес шараларын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
ІІМ аталған тапсырманы орындау аясында осы саладағы қылмыстық схемаларды анықтау әрі жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді, деп мәлімдеді Ішкі істер министрлігі.
9 шілдеде Абай облысының аумағында ІІМ мен ҰҚК жедел уәкілдері прокуратураның үйлестіруімен «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты филиалдарының бірінің директорының басшылығымен әрекет еткен қылмыстық топтың қызметіне тосқауыл қойды. Орманды жымқырды деген күдікпен полицияға 20-дан астам адам жеткізілді. Тінту жүргізіліп, ұрланған ағаштардың ондаған текше метрі, ағаш өңдеу станоктары, ақша және құжаттар тәркіленді. Филиал директоры мен қылмысқа қатысушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Сондай-ақ күдіктілердің лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, мүлікті жымқыру фактілеріне қатысы бар-жоғы тексеріледі. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026