Сара Назарбаева ашқан "Бөбек" білім беру орталығы қайта құрылмақ
08.08.2024
246
Қазақстанда "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық, оқу-сауықтыру орталығы қайта құрылады, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
"Ашық НҚА" порталында оқу-ағарту министрінің тиісті қаулысының жобасы жарияланды.
Құжатта "Бөбек" орталығы енді “Үздіксіз инклюзивті білім берудің ұлттық ғылыми-практикалық орталығы” республикалық мемлекеттік кәсіпорынына айналатыны айтылған.
Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты инклюзивті білім беруде мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру деңгейлеріндегі білім беру ұйымдарын ғылыми-зерттеу қызметі мен әдістемелік қамтамасыз ету.
Құжаттың негіздемесінде "Білім туралы" заңға сәйкес мемлекет инклюзивті білім берудің мақсаттарын іске асыра отырып, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға білім алудың, дамуындағы ауытқуларды түзетудің барлық деңгейінде әлеуметтік бейімделуінің ерекше жағдайларын қамтамасыз етеді деп көрсетілген. Осыған орай, Білім беруді дамыту тұжырымдамасына сәйкес 2029 жылға қарай 100 пайыз (мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік) білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау көзделген.
"Бөбек" орталығының сайтында орталықтың 1997 жылы 5 қарашада Сара Назарбаеваның бастамасымен сол кездегі білім және ғылым министрлігінің құрамында “Республикалық балаларды сауықтыру және оңалту орталығы” ретінде құрылғаны жазылған. Екі жылдан кейін үкімет қаулысымен орталық білім және ғылым министрлігінің "Бөбек" республикалық оқу-сауықтыру орталығы болып өзгертілген.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026