"Ол кісі басынан-ақ өте дөрекі болды. Мен ағылшын тілін жақсы түсініп, дұрыс сөйлесетініме қарамастан, ол мені орнымнан тұрғызып жіберуге барынша тырысты. Мұндай әрекетінің себебі неліктен болғанын нақты айта алмаймын. Мүмкін, нәсілшілдік, ұлттық немесе басқа бір нәрсе болуы да мүмкін. Қысқа әңгімеден кейін ол қауіпсіздік қызметін шақырып, мені ұшақтан шығарып жіберді. 1,5 сағаттан кейін басқа ұшаққа отырып, межелі жеріме ұшып кеттім. Мен сабыр сақтап, арандатуға берілмеу үшін барымды салдым. Менің ойымша, адамдар мейірімдірек болуға тырысуы керек", - деп жазды Хабиб Нурмагомедов.Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов қазір 36 жаста. Ол аралас жекпе-жек спортына 2008 жылы кәсіби деңгейде қадам басып, 2020 жылы спорттық мансабын аяқтаған болатын. Оның есебінде 29 жеңіс бар және кәсіби мансабында бірде бір рет жеңілмеген.
"Сабыр сақтадым": Хабиб Нурмагомедов ұшақта шын мәнінде не болғанын айтты
13.01.2025
254
UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов 13 қаңтарда Frontier Airlines әуе компаниясының бортсерігімен болған келеңсіз жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.
Бұған дейін спортшыны АҚШ-та ұшақтан түсіріп кеткені туралы жазған едік. Кейін ол осы жағдайға қатысты Instagram желісіндегі ресми парақшасында жауап берді. Хабиб бортсерікті дөрекі болды деп жазды. Оның айтуынша, бортсерік оны ұшудан міндетті түрде шеттетуге пейіл танытып, принципті түрде әрекет еткен, деп жазады nur.kz.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026