"Бұл мұғалім қазір жұмыстан шеттетілді. Онымен құқық қорғау органдары айналысады", – деді Дина Кусалина.
«Қызымның денесіне қол жүгіртті»: Қостанайда мұғалім ерекше балаларды сабаған
17.08.2024
301
Қостанайда ерекше балаларға арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталығында дене шынықтыру мұғалімі оқушыларды ұрып-соққан, деп хабарлады Ozgeris.Info тілшісі Халық үніне сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде орталықтағы бейнебақылау камераларына түсірілген видеолар пайда болды. Олардың бірінен ер адамның спорт залдағы жүгіру жолағында жүгіріп тұрған жасөспірімді тепкілеп жатқанын көруге болады. Екінші видеода ол қолындағы таяқпен балаға жақындап, дұрыс жүгіруді үйретіп жатқанын көруге болады. Ал үшінші видеода дене шынықтыру мұғалімінен қашып, бір бұрышқа тығылмақ болған қыз бейнеленген.
Оларды көрген ата-аналар шошып кеткен. Видеодағы қыздың анасы мұғалімді «қызымның денесіне қол жүгіртті» деп айыптады. Әйел полицияға арыз жазып, оған басқа ата-аналар да қосылған. Алайда кейін олар орталық басшылығымен келіссөзге келіп, арыздарынан бас тартқан көрінеді.
Орталықтың директоры Дина Кусалина денсаулығына байланысты уақытша демалыста екенін, желіде тараған видеоларды көрмегенін айтты. Бірақ жағдайға қатысты дене шынықтыру мұғалімінің жұмыстан шеттетілгенін атап өтті.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026