“Мен – Айғанымның анасымын. Асхаттың сұхбатын көрдім. Оның бір сөзі де шындыққа келмейді. Біз екеуінің қосылуына қарсы болғанымыз рас. Асхаттың өткен өміріне байланысты еді. Ата-анаңның алдынан өтейін деп келгенде бірінші рет сол кезде көрдік. Сол кезде “Үлкен қызды ал” деп қай ата-ана айтады? Қыз ауыстырып қоятын зат емес қой. Бұл – Асхаттың құйтырқы әрекеті. Халықтың миымен ойнап отыр. Оның әрекеті адамды ашуландыруға апарады. Асхаттың қаны да, жаны да осылай жаратылған. Ол біз үшін бала. Онымен айтысып, тартыспаймыз. Тіпті сондай жағдай болса да, бәлеге қаласың. Ол өз сөзіңді өзіңе қарсы қолданады. Асхат иман жолында жүрген бала емес пе?! Сұхбатта соның бәрін жиыстырып қойған. Қызымның көзінен ұрмадым дейді. Сонда кім ұрды?! Анаң ба?! Ендеше ұрған адамды сотқа бермедің бе?! Екі күн қызды ұстап, сотталып кетемін деп қорқып отырдың. Осындай жасқа келіп, өтірік өмір сүріп жүрсің”, – деп жазды Айғанымның анасы.
"Қызымды сонда кім ұрды?": Асхат Садырбайдың бұрынғы енесі журналистің сөзін жоққа шығарды
28.01.2025
290
Журналист Асхат Садырбайдың экс енесі халыққа болған жағдайдың ақ қарасын айтты, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.
Желі қолданушысы экс күйеу баласының сөздері шындыққа жанаспайтынын алға тартады.
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026
-
Баспана құқығы: кімді сотсыз шығару мүмкін емес14:24, 03 апреля 2026
-
Қазақстанда оқулықтар жаңа Конституция құндылықтарына сай жаңартылады13:27, 03 апреля 2026
-
"Мөлдірдің көңілін аулады": Қайрат Нұртастың тойдағы әрекеті көпті сүйсіндірді (ВИДЕО)12:42, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар 6 жылға бас бостандығынан айырылды12:35, 03 апреля 2026
-
Астанада жол апаттарының басты себебі — жылдамдық асыру12:30, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар сотта соңғы сөзін айтты12:06, 03 апреля 2026
-
Алматыда мемлекет пайдасына 894 млн теңге өндірілді11:48, 03 апреля 2026
-
Алматыда бір топ қайыршы тұрғындарға шабуыл жасады (ВИДЕО)11:47, 03 апреля 2026