Қуандық Бишімбаев балаларының тегін өзгертуге келісім берді
12.11.2024
245
Астанада азаматтық некедегі жары Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру ісі бойынша сот отырысы өтті. Бұл туралы Астана соты хабарлайды.
Назым Кахарман балалардың әкесінің қылмыстық жауаптылыққа тартылуын және қоғам тарапынан бұқаралық ақпарат құралдарында жағымсыз жарияланымдар салдарынан психологиялық ыңғайсыздық сезінетінін көрсете отырып, үш баланың әкесін ата-ана құқығынан айыруды сұрады.
Сонымен қатар, сот ата-ана құқығынан айыруға бірнеше тармақтар негіз болуы мүмкін екенін қосты:
ата-аналардың міндеттерін орындаудан жалтару,
оның ішінде алимент төлеуден қасақана жалтару;
ата-ана құқықтарын теріс пайдалану;
балаға қатыгездік көрсету, оның ішінде оған күш қолдану немесе психикасына зорлық жасау, оның жыныстық тиіспеушілігіне қастандық жасау;
құмар ойындарға, бәс тігуге, спирттік ішімдіктерге немесе есірткі, психотроптық заттарға және (немесе) сол тектестерге салыну;
ол өз баласының, жұбайының не отбасының басқа мүшелерінің өміріне немесе денсаулығына қарсы қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасауы.
Бірінші сатыдағы соттың шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды, себебі жауапкер балаларға қатысты мұндай әрекеттерге жол бермеді.
Қылмыстық құқық бұзушылық отбасы мүшесіне қатысты жасалмаған.
Сондай-ақ сот әкесінің балалардың тегін өзгертуге келісім бергенін назарға алып, талап қоюшыға осы мәселемен АХАТ органына жүгіну құқығын түсіндірді.
"Аталған шешімге талап қоюшы шағым келтірді. Апелляцияда қарау кезінде жауапкер балалардың тегін өзгертуге және шетелге шығуға келісім берді. Апелляциялық саты сот шешімін өзгеріссіз қалдырды. Сот актісі заңды күшіне енді", - делінген сот хабарламасында.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026