Қостанай облысында түнгі клубтағы төбелестен адам өлді (ВИДЕО)
16.10.2024
228
Қостанай облысының Лисаковск қаласындағы түнгі клубтардың бірінде екі ер адам сөзге келіп қалған. Оның бірі екіншісін жерге құлатып, соққының астына алған. Жәбірленуші содан кейін есін жимаған, деп хабарлайды ozgeris.info.
Желіде тараған видеодан күдіктінің қарсыласын көтеріп, еденге лақтырғанын байқауға болады. Содан кейін бетінен бірнеше рет ұрған.
Полиция мәліметінше, оқиға 11 қазанда болған. Ал 41 жастағы ер адам 15 қазанға қараған түні ауруханада көз жұмған.
22 жастағы күдікті қамауға алынды. Іс Қылмыстық кодекстің 106-бабы («Адам денсаулығына ауыр зиян келтіру, абайсызда зардап шегушінің өліміне әкеп соғу») бойынша қаралып жатыр.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026