Қазақстанға қарсы арандатпақ болған ресейлік тыңшылар Ұлыбританияда сотталды
13.05.2025
232
Лондон соты Ресейдің барлау қызметімен жұмыс істегені үшін айыпталған Болгарияның алты азаматына түпкілікті үкім шығарды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Bloomberg порталына сілтеп.
Шпиондар тобының барлық мүшелері түрмеге қамалды. Негізгі айыпталушы — 46 жастағы Орлин Русев – басқа тыңшылардың әрекетін үйлестіргені үшін 10 жыл 8 айға
бас бостандығынан айырылды. Ол арнайы бөлме дайындап, ішін бақылау құрылғыларына толтырған. Бұл орынды шетелдік басылымдар «Индиана Джонстың гаражы» деп атаған.
Bloomberg дерегінше, Русев тыңшылық әрекеттерді Wirecard төлем жүйесінің бұрынғы директоры Ян Марсалектен алған нұсқаулықтар негізінде жүргізген. Оның екі сыбайласы — Бисер Джамбазов пен Иван Стоянов — өз кінәсін мойындап, әрқайсысы 10 жыл 5 айға сотталды.
Ресейлік арнайы қызметке жұмыс істеген Марсалек топтың операцияларына қаржы бөліп, Telegram арқылы тапсырма беріп отырған. Алайда ол 2020 жылдан бері іздеуде жүр. Топтың қалған мүшелері — Катрин Иванова, Ваня Габерова мен Тихомир Иванчев 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Тергеу барысында тыңшылар АҚШ-тың Германиядағы әскери базасы туралы мәлімет жинағаны және Украина сарбаздарын жаттықтыруға қатысты ақпарат іздегені анықталды. Сонымен қатар олар танымал журналист Христо Грозевке және тағы бір журналистке қастандық ұйымдастыруды жоспарлаған.
Ең қызығы — сотталғандардың жоспарында Қазақстанға қарсы арандатушылық ұйымдастыру да болған.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026