Қазақстандық боксшы әйгілі Канеломен бір кеште жұдырықтасады
09.09.2024
251
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбет (11-0, 9 КО) келесі жекпе-жегін 14 қыркүйек күні өткізетін болды. Ол Сауль Канело Альварес жекпе-жекке шығатын бокс кешінде жұдырықтасады, – деп хабарлайды ozgeris.info.
Бекке 32 жастағы америкалық Джошуа Конли (17-6-1, 11 КО) қарсылас атанды. Жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған және екінші жартылай орта салмақ дәрежесінде өтеді.
Джошуа Конли 2011 жылдан бері кәсіпқой бокс шаршы алаңында 24 айқас өткізген. Оның 17-сінде жеңіске жетсе, 11-інде уақытынан бұрын ұтып шыққан.
Бек Нұрмағанбет бір жыл бұрын шаршы алаңға шыққан. Ол кезде нигериялық Абимболо Осундайроны (6-1, 4 КО) жеңген болатын. Әуесқой бокста 2019 жылы Азия чемпионы болған.
Бокс кеші 14 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena кешенінде өтеді. Басты жекпе-жек мексикалық Сауль Альварес (61-2-2, 39 КО) пен пуэрторикалық Эдгар Верлангамен (22-0, 17 КО) қолғап түйістіреді.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026