Қазақстандық әнші 100 әнді тоқтаусыз орындап, рекорд орнатпақ
14.11.2024
315
Күміс көмей әнші Қайрат Қабышев 100 әнді тоқтаусыз орындап, жаңа рекорд орнатпақ. Бұл туралы ozgeris.info тілшісі 24kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жәнібек Кәрменовтің шәкірті жылдар бойы таңды таңға асырып, қазақ әндерін тоқтамай шырқап жаттыққан. Қазір мәдениет саласының үздігі дәстүрлі ән өнерінің 5 мектебіне енетін шығармаларды түгел жатқа біледі.
Әнші енді Гиннесс рекордтар кітабына ену үшін ұйымның өкілдігіне өтініш жолдамақ. Ұлттық мұраның тізгінін ұстаған талант иесінің басты мақсаты – төл мәдениетіміздің ерекшелігін әлемге насихаттау.
"Ата-бабамыз, ол кезде Гиннесс рекорды жоқ қой, таңды атырып, тойдың басында отырып ән айтқан, жыр айтқан ғой. Сондықтан мен ештеңе ойдан шығарған жоқпын. Мақтанатын ештеңем жоқ. Мен қазақтың кезінде ұмытылып қалған дәстүрін жаңғыртамын", – деді Қайрат Қабышев.
Оның айтуынша, 100 әнді орындауға кем дегенде жеті сағат уақыт кетеді, арасында әңгіме-дүкен құрар болса, он сағатқа дейін баруы мүмкін. Жалпы Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері 106 рекорд орнатып, Гиннесс рекордтар кітабына енген.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026