Яғни бензин көрші елдің экономикасына жұмыс істеп тұр
Бұл ретте экономист Айбар Олжаев пікір білдірген еді."Бұл біздің энергетикалық қауыпсіздігімізге ауыр соққы болуда. Себеп: мемлекет мәжбүрлегендіктен мұнай өңдеу зауыттары бензин мен дизельді тиімсіз бағамен босатып, ішкі нарықтан шығын шегіп жатса, арадағы көрші елдің делдалдары заңсыз пайдаға кенелуде. Оларды шекарада тексеру, басқа да шаралар өзінің тиімділігін көрсете алмады. Сондықтан Энергетика министрлігі нарықты либеризациялау және жанармай бағасын мемлекеттік реттеуден бас тартқысы келіп отыр", - деді ол.
2024 жылдың он айында автобензин қоры 453 – тен 295 мың тоннаға дейін, дизель отыны 554-тен 279 мың тоннаға дейін төмендеді. Бұл ретте бензинді айлық тұтыну шамамен 425 мың тоннаны, дизель отынын тұтыну - 467 мың тоннаны құрайды. 2024 жылдың қарашасында Үкімет Ресеймен мұнай өнімдерін бажсыз жеткізу туралы келісімді қайта бастауға мәжбүр болды.
Сонымен қатар, қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары (МӨЗ) өндірістің өсуін көрсетуде: 2024 жылдың 11 айында бензин өндірісі 2,1% – ға артып, 4,88 млн тоннаға, дизель отыны 4,3% - ға артып, 4,9 млн тоннаны құрады. Алайда, бұл көлемнің өзі контрабанда ауқымын есептегенде жеткіліксіз болып шығады.
"Бағаны көршілермен теңестіру контрабанданы экономикалық тұрғыдан тиімсіз етпек. Демек Өзбекстанға жеткізілім маржаның төмендеуіне байланысты азаяды. Ал Қырғызстан «сұр» импорттың тұтынушысы болып қала берсе де, басқа бағыттардағы заңсыз ағындардың азаюы құқық қорғау органдарына шекараның осы бөлігінде күш-жігерін шоғырландыруға мүмкіндік береді. Осылайша, жанармай нарығын тұрақтандыру немесе либелиризациялау отын контрабандасына қарсы күрестің ең тиімді механизмі болып отыр. Ішкі бағаның көтерілетіні түсінікті. Бірақ елдің энергетикалық қауіпсіздігін ұмытпау керекпіз", - деді Айбар Олжаев.