Қазақстанда заңсыз кен өндіріп, Ресейге сатқан азамат сотталды
07.04.2025
309
Ұлытау облысында марганец кенін заңсыз өндіріп, оны шетелге сатумен айналысқан жергілікті тұрғынға қатысты сот үкімі шықты. Ол мемлекетке 1 миллиард теңгеден астам шығын келтірген деп хабарлайды Ozgeris.info порталы Orda.kz Telegram арнасына сілтеме жасай отырып.
Тергеу деректеріне сүйенсек, 2020 жылдан 2023 жылға дейін Ұлытау тұрғыны Атасу кен ауданындағы ірі темір мен марганец кені – Шығыс Қаражал карьерін заңсыз игерген. Азаматтың бұл жұмыстарды жүргізуге ешқандай лицензиясы да, келісімшарты да болмаған. Соған қарамастан, ол үш жыл бойы кедергісіз әрекет етіп, 16 мың тоннадан астам марганец өндіріп үлгерген. Бұл мемлекетке 1,1 млрд теңге көлемінде залал келтірген.
Заңсыз әрекеттерін жасыру үшін ол жалған келісімдер жасап, кенді ішкі нарықта да, Ресейге де сатқан. Осы арқылы 3,5 миллиард теңгеден астам табыс тапқан.
Алаяқтықты Қаржы мониторингі агенттігінің аймақтық департаменті әшкереледі. Сот оны кінәлі деп танып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар жалпы құны 97,8 млн теңгеге бағаланған шаруа қожалығы мен бес автокөлігі мемлекет меншігіне тәркіленді.
Айта кетсек, үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026