Қазақстан Қытаймен тауар айналымын 100 млрд долларға жеткізуге ниетті
16.05.2024
185
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген ҚХР Мемлекеттік кеңесі премьерінің орынбасары Лю Гочжунды қабылдады, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.
Олар қазақ-қытай стратегиялық серіктестігінің қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.
"Қазақ-қытай жан-жақты стратегиялық серіктестігі, мәңгілік достық дамып келе жатқандығын және болашаққа ұмтылғандығын зор қанағаттанушылықпен атап өткім келеді. Қытай екіжақты сауда көлемі бойынша бірінші орын алып, Қазақстанның жетекші сауда-экономикалық әріптесі болып табылады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш рекордтық 40 млрд долларға жетті. Біз тауар айналымын 100 млрд долларға жеткізу міндетін қойып отырмыз. Бұл көрсеткішке қол жеткізе аламыз деп есептейміз ", - деді Қазақстан Президенті.
Тараптар сауда, инвестиция, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, энергетика және туризм салаларындағы өзара іс-қимылды нығайту перспективаларын қарастырды. Сондай-ақ, мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026