«ozgeris.info» порталы
Қазақстан дәрі-дәрмектерді қайдан алады?
05.03.2022
265
Қазақстанның дәрі-дәрмек нарығы шетелге тәуелді. ТМД елдері арасында дәрі-дәрмек жеткізушілер - Ресей, Украина және Беларусь елдірі. Өткен жылы Қазақстанға импортталған дәрі-дәрмек көлемінің үштен бірінен астамы Ресейден келді, - деп хабарлайды «ozgeris.info» порталы Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Биыл қаңтар айында елімізде фармацевтикалық өнімдерді өндіру көлемі 11,1 миллиард теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда бұл 13 пайызға артық. Дәрі-дәрмек өндірісінің көлемі 13,8 пайызға өсіп, 9,8 миллиард теңгеге жетті.
2022 жылдың қаңтарында фармацевтикалық өнімдердің бағасы былтырғымен салыстырғанда 3,3 пайызға өсті. Бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда айтарлықтай аз. Соңғы бір жылда "Хилак форте" (42,1 %-ға), ацикловир (12,3 %-ға), "Эссенциале форте Н" (11,4 %-ға) бағасы айтарлықтай өсті.
Қазақстандық нарық импорттық дәрілерге тәуелді. Импорттық антибиотиктер үлесі 2021 жылы 85,2 %, провитаминдер, витаминдер мен олардың туындыларының импорты 100 %-ға жуық.
2021 жылы елге 1,1 миллиард долларға 21,7 мың тонна дәрі әкелінді. Оның үштен бірінен астамы Ресейден импортталды. 7,5 мың тонна дәріні 92,7 миллион долларға (ақшалай алғанда жалпы импорттың 8,3 пайызы).
2021 жылы Украинадан 22,4 миллион долларға 879 тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Беларусь 13,3 миллион долларға 863,8 тонна дәрі-дәрмек импорттады.
Сарапшылар қазір үш ел де Украинадағы қарулы қақтығыспен тығыз байланысты және бұл Қазақстанға дәрі-дәрмек импортына оң әсер ете қоймайтынын атап өтті.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026