Қазақ футболшысы түркиялық клубтың капитаны болды
17.07.2024
323
Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Абат Айымбетов түркиялық "Адана Демирспор" командасының капитаны ретінде алаңға шықты, - деп хабарлайды Ozgeris.info.
"Адана Демирспор" клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары аясында әзербайжандық "Сумгайыт" клубымен жолдастық кездесу өткізді. Бұл ойын 2:2 есебімен тең аяқталды. "Адана Демирспор" cапынан Юсуф Бараси дубль авторы атанса, "Сумгайыт" командасынан Рагим Садыхов пен Никола Вуйнович гол соқты.
Матчқа Абат Айымбетов те қатысты. Қазақстандық футболшының Instagram желісіндегі парақшасында жарияланған суреттерге сүйенсек, ол капитан ретінде ойнаған.
Айта кетейік, Абат Айымбетов өткен маусымда "Адана Демирспор" сапында 9 матч өткізіп, 1 гол соқты. Ол Түркия чемпионатының 37-туры аясында "Антальяспорға" қарсы ойынның 65-минутында мергендік танытқан еді. Айымбетов түркиялық клубқа ақпанда ауысты. Футболшы клубпен 1,5+1 жүйесі бойынша келісімшартқа отырған болатын.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026