Қарағандыда экс-әкімнің ұлы 78 жастағы анасын ұрғаны үшін үш жылға сотталды
23.09.2024
231
Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотында 78 жастағы кейуананы ұрып-соққан ұлына қатысты іс қаралды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Сот мәліметінше, айыпталушы үйде анасымен жанжалдасып, басы мен денесінен ұрып, теуіп, денсаулығына зиян келтірген. Осылайша жәбірленуші жабық бас-ми жарақатын алған. Нәтижесінде 78 жастағы қарияның миы шайқалып, оң көз орбитасының бүйір қабырғасы сынған.
Дегенмен ұлы сот кезінде өз кінәсін мойындамаған және жасаған ісіне өкінбейтінін жеткізген. Нәтижесінде ол 3 жылға сотталып, 1 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлейтін болды.
Бұған дейін, ақпан айында Қарағандының экс-әкімі Шәймерден Оразалиновтың ұлы анасын ұрып-соқты деген ақпарат тараған еді. Ол 78 жастағы анасының мұрны мен бірнеше қабырғасын сындырып, ішкі мүшелерін зақымдаған.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026