"Ауа райының қолайсыздығына байланысты қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Қала аумағында су жиналатын жерлерде оны сору және ағызу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, дренаждық жүйелерді жетілдіру мәселесі шынымен өзекті. Бұған дейін жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша су бұру жүйелерін күтіп ұстау, қайта жаңарту және салу бойынша іс-шаралар жоспары жасалған болатын. Оған қаланың ең көп су басқан аудандары кірді. Осылайша, суды бұру мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде", деді олар.
"Қала үшін жаным аурады". Ақтөбені су басты
15.07.2024
325
Ақтөбеде толассыз жауған жаңбыр қала көшелері мен жолдарын шайып кетті, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан халықтың әбден әбігерге түскенін байқауға болады. Қаланың орталық көшесі болып саналатын Әбілқайыр хан даңғылын қызыл су басқан. Сонымен қатар жөндеуден өткен жаңа жолдардың да жағдайы көңіл көншітпейді. Пайда болған шұңқырға су жиналып, көліктердің қозғалысы қиындаған.
Ал Ақтөбенің тұрғындары болса, қаланың жағдайы күн сайын нашарлап бара жатқанын жарыса жазды.
"Әкімді осы жолмен жаяу жүргізу керек", "Бізде инженер мен құрылысшылар бар ма өзі", "Қала жаңбыр суына да дайын емес", "Осы жолға жыл сайын асфальт төсейді, жыл сайын шұңқыр пайда болады", "Бұл маң бұрыннан суға кетеді, несіне таңданасыздар", "Қала үшін жаным аурады, кезінде қандай еді, қазір қандай", деп жазды олар.
Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі болса, тұрғындардан түсіністік танытуды сұрап, мәселенің шешілетінін айтты.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026