"Қалқаман Сариннің он жыл бұрын жазылған осы өлеңінде әншінің тағдыр-тәлейі, болмыс-бітімі жырмен керемет өрілген. "Қайыр жоқ жердегі көп пенделерден, Қайғыңды көктегі тек құс бөлісер". Осы екі жолда барлығы тұрған жоқ па? МАҚПАЛ ЖҮНІСОВА ТУҒАН КҮН! Күнімен күміс қанат жаусын ақ қар, Түнімен тұрсын жанып шамшырақтар. Әуенге бір ғажайып бөлеп бізді Әлемге келген күн бұл - әнші Мақпал! Әдемі ән айдынның аққу құсы, Басынан кетпесе екен бақтың күші. Шырайы сахнаның ерке Мақпал Шынайы шіркін, қандай, шат күлкісі! Бұл күнде күлкісінен басым мұңы, Тиген соң талайлардың тасырлығы. Наданның дәурені озып бара жатыр Адамның артта қалып асылдығы. Азғындар бола алмастан арлыға жұп, Амалсыз жаралайды жанды нәзік. Сағынған елді көрдім сізді Мақпал, Әншісін іздегендей ән құлазып. Санаңа сансыз сауал, сұрақ тұнып, Сырыңа көрген кім бар құлақ түріп? Жабыққан жаныңменен, әніңменен, Жұбаттың қанша жанды жылап тұрып. Көлденең көкаттылар дос тұтқандай, Сыртыңнан жүре алмады көп сұқтанбай, Тыңдаған жан біткенді түршіктірер, Даусыңда өкініш пен өксік бардай. Қаныңды қамсыз қоғам күштеп ішер, Тарқамас жылағанмен іштегі шер. Қайыр жоқ жердегі көп пенделерден Қайғыңды көктегі тек құс бөлісер... Қай бейбақ бақытыңның көшін бұзды, Қай бейбақ көпсінді екен кешіңді ізгі? ...Ел қайда еркелетер есіл қызды? Қайтейін, кешір, Мақпал! Кешір, бізді! - деп жазған ол.
"Қайтейін, кешір, Мақпал!". Серікзат Дүйсенғазы Мақпал Жүнісоваға жазба арнады
11.09.2024
252
Танымал ақын Серікзат Дүйсенғазы әлеуметтік желідегі парақшасында Халық әртісі Мақпал Жүнісоваға жазба арнады, - деп хабарлайды ozgeris.info.
Ол жазбада ақын Қалқаман Сариннің өлеңін келтірген.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026