"Қайрат" футболдан Қазақстанның төрт дүркін чемпионы атанды
10.11.2024
387
"Қайрат" футбол клубы биылғы Қазақстан премьер-лигасының чемпионы атанды. Бұл туралы Ozgeris.info тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгін, 10 қарашада футболдан Қазақстан премьер-лигасының 24-туры аясында алматылық "Қайрат" сырт алаңда "Атырау" командасымен кездесті. Нәтижесінде "Қайрат" футбол клубы 1:0 есебімен жеңіске жетті. Матчтың 58-минутында "Атырау" футбол клубының ойыншысы Никита Степанов айып алаңындағы дөрекі ойыны үшін қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Нәтижесінде төреші "Атырау" қақпасына пенальти белгіледі.
Пенальтиді мүлтіксіз орындаған "Қайраттың" грузиялық ойыншысы Георгий Зария матчтағы жалғыз голдың авторы атанды. Осылайша "Қайрат" футбол клубы турнир кестесінде 47 ұпай жинап, ел біріншілігінің биылғы чемпионы атанды.
Ал соңғы турға дейін чемпиондық атаққа басты үміткер саналған "Астана" футбол клубы 46 ұпай жинақтап, "Қайраттан" кейінгі орынға жайғасқан. 35 ұпай еншілеген "Атырау" командасы турнир кестесінің 7-сатысына табан тіреді.
Айта кетейік, алматылық "Қайрат" футбол клубы Қазақстан чемпионатын төртінші мәрте (1992, 2004, 2020, 2024) жеңді. Енді келесі жылы "Қайрат" клубы УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде сынға түседі.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026