«Қабырғаның бәрі қан»: Шымкентте ер адам анасын өлтіріп, денесін өртеп жіберген
13.01.2025
241
Шымкентте ер адам өз анасын бауыздап өлтіріп, денесін өртеп жіберген, деп хабарлайды Оtyrar.kz басылымы.
Басылымның жазуынша, оқиға 12 қаңтар түнгі сағат 02:50 шамасында жеке үйлердің бірінде болған. Жаға ұстатарлық жайттың кезінде үйге кіріп барған маңайлас көршілер алдымен отты байқапты. Айтуларынша үйдің егесін іздемек болған оларды баласы қуып шыққан. Жан түршігерлік жайдың куәсі болғандар 1994 жылғы ер адамның психикалық ауытқуы бар болуы да мүмкін дейді. Бірақ бұл отбасында бұрын-соңды жанжал болғанын немесе күдіктінің теріс қылықтарын ешкім байқамапты.
Бәріміз қосылып итердік қақпаны. Ашып жібергенімізде бала от жақта жүрді бірінші. Бізді көрді де бізге қарай атылып жүгірді. Времянкаларына кірмедік, есігі ашық тұрған, басымызды сұғып, «апа, апа» деп іздеп қарасақ, сүйретілген қан, қабырғаның бәрі қан, біз айғайладық та қаштық. Сосын баласы бізді қуалады, — дейді куәгер.
Қысымым көтеріліп, дәріханадан келе жатқанбыз. Үйде өрт болып жатқанын көрдік. Басқа да көршілер тұрды. Қақпаны ашып көрдік. Ол бізді де қуды, қолында бірнәрсе болды, сонынмен бізді ұрғысы келді. Біз қаштық, қатты қорықтық. Анасын өлтірген адамнан бәрін күтуге болады», — деді тағы бір куә.
Күдіктіден қашқан куәгерлер бірден полиция шақырған. Тәртіп сақшылары ер адамды ұстап, қамауға алған. Оқиға орнында мәйіттің өртенген қалдықтары табылған.
12 қаңтар түнгі уақытта полицияға зорлық-зомбылықпен өлім белгілері бар өрт туралы хабарлама түсті. Оқиға орнынан әйел адамның мәйіті табылды. Жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Алдын ала деректер бойынша, қылмыс отбасылық жанжал нәтижесінде орын алған, — деп мәлімдеді Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі.
Жантүршігерлік оқиға бойынша ҚР ҚК 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026