Париж Олимпиадасы: дзюдодан 60 келіде Елдос Сметов баратын болды
07.06.2024
267
Дзюдодан Париж Олимпиадасына баратын Қазақстан балуандары толығымен анықталды. Бүгін ел ішіндегі өзара іріктеуде 60 келіде Елдос Сметов жеңіске жетті.
60 келіде күресетін үш балуан олимпиадалық рейтингке енген еді. Федерация үшеуін өзара күрестірді. Атап айтсақ, Елдос Сметов, Мағжан Шамшадин және Нұрқанат Серікбаев. Осылардың арасында Елдос Сметовтің бағы жанды. Сөйтіп, 31 жастағы спортшы өзінің үшінші Олимпиадасына қатыспақ.
Парижде бақ сынайтын қазақ дзюдошыларының толық құрамы мынандай:
• 60 келі: Елдос Сметов;
• 66 келі: Ғұсман Қырғызбаев;
• 73 келі: Данияр Шамшаев;
• 81 келі: Абылайхан Жұбаназар;
• 100 келі: Шархан Нұрлыхан.
Әйелдер:
• 48 келі: Абиба Әбужақынова (Ғалия Тынбаева);
• 63 келі: Есмигүл Куюылова;
• +78 келі: Камила Берліқаш.
Осылайша, Қазақстан 2024 жылғы Олимпиада ойындарында ерлер арасында 90 келіден жоғары және 100 келіден жоғары салмақта спортшы апара алмайды. Ал әйелдерде 52, 57, 70 және 78 келіде жолдама жоқ.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026