Пара берді деп айыпталған 15 кәсіпкерге депутаттар араша түсті
13.03.2024
261
«Ақ жол» партиясынан сайланған депутаттар орта және шағын бизнес өкілдеріне қысым көрсетілуде деп дабыл қағуда.
Дептутат Азат Перуашевың айтуы бойынша, Ақмола және Қарағанды облысында орналасқан 15 кәсіпкер «Қазтеміртранс» АҚ (ҚТЖ құрамына кіретін ұйым) қызметкерлеріне пара берді деген айыппен жауапкершілікке тартылуда.
Депутаттардың айтуы бойынша, кәсіпкерлер өз еркімен келіп қылмыстық жай туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігіне хабарлаған, себебі «лауазымды тұлғалар өз жұмысын уақытылы жасаудын орнына кәсіпкерлерден пара бопсалаған». Сондықтан, бастапқыда агенттік ҚР ҚК-нің 367-бабының 2-тармағына сүйене отырып («параны қорқытып алу орын алған болса немесе егер осы адам пара бергені туралы құқық қорғау органына немесе арнаулы мемлекеттік органға өз еркімен хабарласа, қылмыстық жауаптылықтан босатылады»), олардың барлығын қылмыстық жауаптылықтан босату туралы қаулы шығарды.
Алайда, көлік прокуратурасы пара беру фактілері сотқа дейінгі тергеу органына кәсіпкерлер жүгінгенге дейін белгілі болған деп есептеп, бопсалау фактісін елемей бұл қаулының күшін жойды. Енді кәсіпкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тартады.
Осыған орай "Ақ жол" ҚДП депутаттық фракциясы көлік прокуратурасының кәсіпкерлерді қылмыстық жауаптылықтан босату туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қаулысының күшін жоюдың заңдылығы мен негізділігін қарауды сұрап жатыр.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026