“Біз барлығын заң жүзінде істеп жатырмыз. Қазір 362-баптың төртінші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Барлығынан сұрақ алынып жатыр. Енді алдағы уақытта сот әділ өтеді деген шешімдеміз. Тергеу қалай бітеді, кімді кінәлі қылады, біз соларға арыз жазып, бәрін сотпен шешеміз”, – дейді Сымбат Аянқызы.
"Өздігінен жүріп-тұра алмайды": Семейде биіктен құлаған мұғалімнің жары өтемақы талап етуде
10.01.2025
285
Семейде шырша безендіремін деп биіктен құлап, жараланған мұғалімнің әйелі биліктен өтемақы талап етті. Бұл туралы ozgeris.info тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Мұғалімнің жары Сымбат Аянқызының айтуынша, науқас әлі жарты жыл ем қабылдауы қажет.
23 жастағы мұғалім Қуат Айтқали өздігінен жүріп-тұра алмайды. Сондықтан оны күтіп, қарау үшін де бір адам қасында отыруы қажет дейді жұбайы. Өйткені дәрігерлер оның миына құйылған қанды тоқтатып, сынған бас сүйегінің жартысын алып тастаған. Енді екі айдан кейін оның орнына пластмасса салу үшін қайта ота жасалады.
Жәбірленушінің әйелі ұстаздарға шаһар басшысының орынбасары мен білім бөлімінің басшылары шыршаның басына шығуға бұйрық бергенін айтады. Семейдегі бас шыршаны безендіруге барлығы он мектептің мұғалімдері жұмылдырылған екен. Мұғалімінің әйелі қағаз жүзінде болмаса да, бұйрық ауызша берілгені анық деп отыр. Енді тергеу аяқталған соң адвокат жалдап, өтемақы талап ету үшін сотқа жүгінбек.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026