"Ота 4,5 сағатқа созылды": Екі жасар қыз 135 магниттік шар жұтып қойған
13.01.2025
269
Өзбекстанда 135 магниттік шарды жұтып қойған екі жасар қызға күрделі ота жасалды, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі UPL.UZ агенттігіне сілтеме жасап.
Басылымның жазуынша, оқиға Ферғана облысында болған. Қыз бала ойыншықпен ойнап жүріп, магниттік конструктор элементтерін жұтып қойғаны белгілі болды.
Ең алғашқы медициналық көмекті Ферғана қаласындағы республикалық жедел медициналық көмек орталығының мамандары көрсеткен. Дәрігерлер баланың ішіне бөгде заттардың жиналуын анықтады. Олар 14 магниттік моншақты алып шыққан, алайда магниттердің дені асқазан-ішек жолдарында қалып қойғандықтан, қыздың денсаулығына үлкен қауіп төндірген. Осылайша пациент ел астанасына жедел жеткізілді.
Ташкент қаласының хирургтар тобы 4,5 сағатқа созылған күрделі отаны жасады. Қыз баладан тағы 121 магнит алынды. Дәрігерлер баланың жағдайын қанағаттанарлық деп отыр.
Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің ресми хабарламасына сәйкес, бес жасқа дейінгі балалар ойыншықтардың ішіндегі кішкентай магниттік шарларды жиі жұтып қояды.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026