«Ол бәрі-бір өліп қалады»: Өзбекстанда жедел жәрдем қызметкерлері науқас әжейді подъезге тастап кеткен
09.03.2025
353
Өзбекстанның Ташкент қаласында жедел жәрдем қызметкерлерінің науқасты подъезге қалдырып кеткені анықталды, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі Sadaq.kz сайтына сілтеп.
Nova24.uz басылымының мәліметінше, нақты тұрғылықты жері жоқ науқасты түні бойы ауруханаларға тасып, соңында подъезге қалдырып кеткен.
Әлеуметтік желіде жедел жәрдем бригадасының науқасты ғимараттың кіреберісінде қалдырған видео жарияланды. Әйел адамды әртүрлі ауруханаларға апарған, соңында олар: «Ол бәрі-бір өліп қалады, оны ешкім қабылдамайды» деді. Денсаулық сақтау министрлігі жағдайға қатысты түсініктеме берді.
Мәлімет бойынша, тұрақты тұрғылықты жері жоқ 72 жастағы азамат жедел жәрдемге қайта-қайта хабарласқан. Нақты айтқанда, 6 наурызда оның атына сағат 10.00-ден бастап 20.00-ге дейін төрт қоңырау тіркелген.
Қарт әйелге түрлі адамдар, оның ішінде тәртіп сақшылары жедел жәрдем шақырғаны атап өтілді. Ведомстводағылар соңғы шақыртудан кейін тәртіп сақшысының талап қоюымен әйел қайтадан №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілгенін түсіндірді. Жедел жәрдем бөлмесінде оң жақ сүт безінің іріңді жарасы анықталды.
Әйел қазір республикалық мамандандырылған онкология және радиология ғылыми-тәжірибелік медициналық орталығының Ташкент қалалық филиалында жоспарлы емделуде, делінген хабарламада.
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026
-
Баспана құқығы: кімді сотсыз шығару мүмкін емес14:24, 03 апреля 2026
-
Қазақстанда оқулықтар жаңа Конституция құндылықтарына сай жаңартылады13:27, 03 апреля 2026
-
"Мөлдірдің көңілін аулады": Қайрат Нұртастың тойдағы әрекеті көпті сүйсіндірді (ВИДЕО)12:42, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар 6 жылға бас бостандығынан айырылды12:35, 03 апреля 2026
-
Астанада жол апаттарының басты себебі — жылдамдық асыру12:30, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар сотта соңғы сөзін айтты12:06, 03 апреля 2026
-
Алматыда мемлекет пайдасына 894 млн теңге өндірілді11:48, 03 апреля 2026
-
Алматыда бір топ қайыршы тұрғындарға шабуыл жасады (ВИДЕО)11:47, 03 апреля 2026