"Біздің өмірімізде көзге шөп салу эпизодтары бір емес бірнеше рет болды деп айтқанымда, қасымда отырған Сейфуллин қақалып қалған еді. Менің өте ащы сөйлейтінім бар. Тік мінездімін. Содан да өмірде көп таяқ жеймін. Ешкімге жағымпазданбаймын. Қалай бар солай айтамын. Ұнасын, ұнамасын кешіріңіздер деймін. Бірақ, сол кездері отбасымды қандай жағдай болса да, сақтаймын деген мақсатым болды. Екіншіден, ол кісіге ренжу мүмкін емес. Кішкентай бала сияқты. Ойына келгенін істей салады. Артынша өзін соған жауапты екенін сезінбейді. "Болып қалды солай, қайтемін енді" дейді. Ол нәрсені бетіне басқан емеспін. Мен барып олардың үстілерінен түскен жоқпын ғой. Ол менің әшейін күдіктерім болды. Бір жағдайлар мозайка сияқты келісіп қалады. Мен де ақымақ емеспін ғой. Ол кісіге барлығын кешіргім келетін. Өйткені, мен оны өліп-тіріліп сүйдім. Қатты жақсы көрдім. Сондықтан "Мен оған не істей аламын" деп ойладым. Менің айтқанымды екі етпей істейді, не айтамын бәрін орындайды. Төбесіне көтереді. Сол бір ғана кемшілігін кешірмесем, болмайды деп ойладым. Көзімді жұмып отырып, Сейфуллиннің анау жақта не істеп отырғанын бәрін біліп отырамын. Өйткені мен оны өте жақсы танып алдым. Кешірсем де, ұмытпайтынмын. Есте сақтау қабілетім жақсы деп айтатынмын", - деді экс әйелі.
"Ойына келгенін істейді": Сейфуллин Жолбарыстың әйелі тағы бір былықтың бетін ашты
02.12.2024
228
Әнші Сейфуллин Жолбарыспен ажырасып кеткен Екатерина Вайт тележүргізуші Анна Данченкоға рет сұхбат беріп, 16 жыл бірге тұрған экс-күйеуі жайлы алғаш рет сыр ашты, деп жазады ozgeris.info.
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026
-
Баспана құқығы: кімді сотсыз шығару мүмкін емес14:24, 03 апреля 2026
-
Қазақстанда оқулықтар жаңа Конституция құндылықтарына сай жаңартылады13:27, 03 апреля 2026
-
"Мөлдірдің көңілін аулады": Қайрат Нұртастың тойдағы әрекеті көпті сүйсіндірді (ВИДЕО)12:42, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар 6 жылға бас бостандығынан айырылды12:35, 03 апреля 2026
-
Астанада жол апаттарының басты себебі — жылдамдық асыру12:30, 03 апреля 2026
-
Жақсылық Омар сотта соңғы сөзін айтты12:06, 03 апреля 2026
-
Алматыда мемлекет пайдасына 894 млн теңге өндірілді11:48, 03 апреля 2026
-
Алматыда бір топ қайыршы тұрғындарға шабуыл жасады (ВИДЕО)11:47, 03 апреля 2026