Нұр-Сұлтанда 27 маусымнан бастап сауда үйлері, кафелер мен базарлар қалай жұмыс істейді?
27.06.2021
279
Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтанда үнді штамы анықталғаннан кейін елорданың бас санитария дәрігері қабылдаған сауда және ойын-сауық орталықтарының, базарлардың, дәмханалар мен мейрамханалардың жаңа жұмыс ережелерін еске салады.
Бүгіннен бастап сауда және ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысы бір келушіге 4 шаршы метр толымдық сақталған жағдайда рұқсат етіледі. Жұмыс кестесі жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері тек азық-түлік өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сататын дәріханаларға, шағын маркеттер, супермаркеттер мен гипермаркеттерге, COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялауға арналған пункттерге және Ashyq жобасына қатысатын бизнес-нысандарға жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
Мейрамханалар, дәмханалар, кофеханалар типіндегі (ғимараттардың ішінде) қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысы орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды және көршілес үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, толтырылуы 50 пайызға дейін, бірақ 30 орыннан аспайтын шарттарды сақтаған жағдайда жұмыс күндері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін ашық, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салынады. Тамақты жеткізу және шығару Ashyq жобасына қатысатын нысандарды қоспағанда, штаттық режимде жұмыс істейді.
Ashyq жобасына қатысатын нысандарда еске алу шараларын өткізуді қоспағанда, отбасылық, еске алу іс-шараларды қоса алғанда, бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.) өткізуге және оларға қатысуға, сондай-ақ митингілер, шерулер, жиындар және басқаларын ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады.
Жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар бір келушіге кемінде 4 шаршы метр есебімен жұмыс істейді. Азық-түлік емес базарлар жұмыс күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін ашық, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады (оларда орналасқан COVID-19-ға қарсы жаппай вакциналау пункттерінің жұмысын қоспағанда).
Қаулының толық мәтінін мына сілтеме арқылы оқуға болады.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026