Моңғолия парламентіне тұңғыш рет қазақ әйел депутат болып сайланды
04.07.2024
256
Моңғолия қазақтарының өкілі Сонгобайн Замира Мемлекеттік Ұлы Хуралдың депутаты болып сайланды. Ол осы елдің парламентіне сайланған тұңғыш қазақ әйелі, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ол 2023 жылдың жазында қабылданған жаңа заң бойынша парламентке өткен 32 әйелдің бірі. Жаңа құжат бойынша елдегі депутаттық корпустың үштен бір бөлігі әйелдер болуы керек деп белгіленген. 2028 жылы өтетін келесі парламенттік сайлауда олардың үлесін 40 пайызға жеткізу көзделіп отыр.
Айта кетейік, Сангобайн Замира – бес баланың анасы. Сонымен бірге ол Моңғолия іскер әйелдер қауымдастығының басқарма мүшесі. Экономист мамандығын алған ол ұзақ жылдар сауда саласында қызмет еткен. Біріккен венгр-монғол сыртқы сауда компаниясына иелік етеді.
Моңғолиядағы 3,5 миллион халықтың 5 пайызы – қазақтар. 1930 жылы Моңғол Халық Республикасының билігі қазақтарға жеке аумақ беру туралы қаулы қабылдады. 1940 жылы Моңғолия қазақтарының басым бөлігі тұратын Баян-Өлгий аймағы құрылды. КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстанға 20 мыңнан астам қазақ отбасы қоныс аударды.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026